2022 жылдың 27- қыркүйегінде «№17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешені» КММ «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру алдындағы дайындық және жоспарлау» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар болып өтті. Семинарға қала мектептерінен 30 мұғалім қатысты. Семинарды мектеп директоры Жалмұқанова Лаззат Жұмағұлқызы ашып, білім бөлімінің әдіскері Г.Темірбаева жалғастырды.
Семинардың практикалық бөлімі мұғалімдерге арналған «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» психологиялық тренингімен басталды.
Мектеп мұғалімдері С.Қоныспаева, Г.Байбатырова, Г.Мұхамеджанова, Г.Тлеулина бағдарламаға сай жиналған мұғалімдермен оқу бағдарламасы, ҚМЖ оқу мақсаттарының жүйесі, сөйлесу дағдыларының әдіс-тәсілдері, бағалауды дұрыс жоспарлау, кері байланыс және рефлексия бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.
Семинар мектеп оқушыларының мұғалімдерді алда келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап, мектеп директоры Жалмұқанова Лаззат Жұмағұлқызы бастаған мұғалімдер қауымының «Ұстазым» әнін орындаумен аяқталды.