Меню KDT

книга   Өзекті
линия
         Онлайн-мектеп
   
  

загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

инклюзивті білім беру
 



2023 жылғы 15 ақпанда "Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектеп" КММ базасында "Инклюзия жаңа білім беру практикасы ретінде" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - әр түрлі технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен тәжірибе алмасу.
Облыстық психологиялық-медициналық - педагогикалық консультацияның әлеуметтік педагогтары, инклюзияны қолдау кабинеттерінің әдіскерлері, педагог-психологтар, ресурстық орталықтар мен инклюзияны қолдау кабинеттерінің дефектологтары мен логопедтері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында педагогтар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесі мен практикалық дағдыларымен бөлісті.
Іс-шараны аяқтау қорытындысы бойынша талқыланатын әрбір мәселе бойынша және дөңгелек үстел қорытындысы бойынша шешімдер шығарылды және ұсынымдар берілді.
15 февраля 2023 г. на базе КГУ «Средняя школа №2 имени Смагула Садуакасулы» состоялся круглый стол на тему : «Инклюзия как новая образовательная практика».
Целью круглого стола является обмен опытом в работе с детьми с особыми образовательными потребностями с применением различных технологий, методов и приемов.
Участие приняли социальные педагоги Областной психолого-медико- педагогической консультации, методисты кабинетов поддержки инклюзии, педагоги-психологи, дефектологи и логопеды ресурсных центров и кабинетов поддержки инклюзии.
В ходе проведения круголого стола педагоги поделились своим опытом и практическими навыками в работе с детьми с особыми образовательными потребностями.
По итогу завершения мероприятия по каждому обсуждаемому вопросу и по итогам круглого стола были вынесены решения и даны рекомендации.


2022 жылғы 15 қарашада «Д.М. Карбышев атындағы №40 орта мектеп» КММ-де психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары үшін «Жалпы білім беретін мектепте ЕБҚ бар оқушылармен жұмыс кезінде инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарға қатысушылар үшін «Жақсы көңіл-күй - денсаулық пен табысты жұмыстың кепілі» тренингі өткізілді.
Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының құжаттамасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы педагог және бастауыш сынып мұғалімі инклюзивті оқытуда оқу қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен және жалпы білім беретін сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерімен бөлісті.