Қарттар күні мен мұғалімдер күніне орай Педагогикалық еңбек ардагерлерін шақыра отырып, мерекелік концерт өтті.
29.09.2023 "№7 жалпы орта білім беру мектебі" КММ-де Қарттар күні мен мұғалімдер күніне орай Педагогикалық еңбек ардагерлерін шақыра отырып, мерекелік концерт өтті. Мектеп оқушылары белсенді қатысып, әдемі нөмірлермен құттықтап, өз таланттарын көрсетті. Соңында педагогикалық еңбек ардагерлері шай ішуге шақырылып, жайлы және достық атмосферада жұмыс тәжірибесі туралы естеліктерімен алмасты. Мектеп ұжымы барлық педагогикалық еңбек ардагерлерін шын жүректен құттықтайды, баршаңызға зор денсаулық, жақсылық және бейбітшілік тілейді.