Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст


  

 

Объявление о размещении запроса выражения интереса

КГУ «Отдел образования города Петропавловска» КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области» сообщает о размещении запроса выражения интереса от потенциальных субъектов предпринимательства и иных заинтересованных лиц в целях создания субъекта рынка путем реализации механизма государственно-частного партнерства.

В целях предоставления высококачественных общеобразовательных услуг и доступности дошкольного воспитания и обучения в г. Петропавловске, необходимо строительство объектов дошкольного воспитания, ясли-сада на 280 мест, расположенный в мкр. «Жас-өркен» в городе Петропавловске.

Размещение запроса осуществляется в соответствии с Методикой по проведению обследования товарных рынков, на которых будут создаваться государственные предприятия и юридические лица, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированные с ними юридические лица и (или) осуществляться ими дополнительные виды деятельности, утвержденной приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 103, зарегистрированным в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 марта 2017 года № 14948.

Целью запроса выражения интереса является:

-определение наличия и уровня заинтересованности частного сектора;

-анализ конкурентной среды соответствующего товарного рынка;

-обоснование целесообразности создания субъекта рынка с государственным участием в рамках государственно-частного партнерства.

Заинтересованные лица вправе представить свои предложения, замечания и информацию о потенциальной готовности участия в реализации проекта государственно-частного партнерства в сроки до 9 февраля 2026 года.

 

                                                    




Жарияланған күні:2025 ж. 29.05

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс

 

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі ресми интернет-ресурста конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштерді қабылдау «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ хабарландыру жарияланған күннен басталады.

    Конкурсқа кем дегенде бір жыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында жұмыс тәжірибесі бар және келесілерді қамтамасыз ететін ұйымдар қатысуға жіберіледі:

1) № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуындағы бұзушылықтар (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылдың бұзылуы немесе қиындықтары (аутизм спектрінің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылулары бар балалар) санаттары бойынша орындар саны осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке сәйкес (әрі қарай  – Өтініш);

2) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелді) ( әрі қарай – Санитарлық ережелер);

3) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелді) (әрі қарай – Өрт қауіпсіздігі ережелері);

4) Төтенше жағдайлар туындаған кезде ескерту (дабыл түймесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дауыстық хабарлау жүйесінің болуы);

5) «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғау (бейнебақылау жүйесінің болуы);

 6) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған арнайы жағдайлар, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және № 385 бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

7) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелді);

8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

9) «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелді) және  «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес штат саны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелді);

10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар электрондық форматта (ptr@sqo.gov.kz электрондық пошта мекенжайы) немесе қағаз түрінде хабарландыру орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады.

1) өтініш;

2) ұйым басшысының қолымен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

5) құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі бар жылжымайтын мүлікке немесе жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.

Петропавл қаласының білім бөлімі құрған комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы алынған келесі құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады («электрондық үкімет»  www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы):

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және/ немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

2) медициналық қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;

3) ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

4) конкурсқа құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнмен мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

Өткізу уақыты 2025 жылғы 3 маусым сағат 15.00-де.

         Өтетін орны – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ СҚО, ҚР  . Конституция Қазақстан көшесі,23, 301 каб.

         Анықтама үшін телефон: 8(7152) 46-32-59.

 


«Бастауыш мектепте сабақта оқытудың интерактивті формалары мен әдістері» тақырыбы бойынша қалалық семинар.

Семинардың мақсаты: оқытудың интерактивті нысандары мен әдістерін тиімді пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісу.

2022 жылдың 17 қарашасында «Жас мұғалім мектебі» үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған қалалық семинар өтті. Семинар барысында зерттеуші мұғалімдер Г.Е. Қоспанова, Н.С. Солдатова  оқыту тренингін өткізді және оқытудың интерактивті нысандары мен әдістерін қолдана отырып, ашық сабақтар көрсетті. Эмоционалды көңіл-күй үшін тренинг тақырыбына кіріспе ретінде   «Сіздің мұғалім екеніңіздің 13 белгісі» бейнеролигі көрсетілді. Қатысушыларды жұмысқа тарту кезеңінде «Миға шабуыл»  әдісі қолданылды.Тренингке қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беруі керек еді. Содан кейін әр топқа жеке тапсырма берілді (интерактивті оқыту тәсілдтері мен әдістерін үйрену) және өз жұмыстарымен таныстырды.

 Тренинг соңында рефлексия үдерісінде қатысушыларға «5+5+1» тәсілін қолдана отырып, тренинг туралы пікір жазу ұсынылды.

          Тренинг мақсаттарына қол жеткізілді, жас педагогтер оқытудың интерактивті әдістерін қолдану оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді деген ортақ пікірге келді.

           Бастауыш сынып мұғалімі Е. А. Ковтун 3 «Б» сыныбында  «Путешествие яблока по организму» тақырыбында жаратылыстану сабағын өткізді. Сабақта оқытудың келесі интерактивті әдістері қолданылды:

«Қауымдастықтар», «Ақыл-ой картасы»,  «Эксперимент»,  «Бірлесіп  білім алу стратегиясы»,  «Кластер»,  «Пантомима», «Сәйкестік»,  «Іскерлік ойындар». Сабақ мақсаттарына қол жеткізілді.

          Бастауыш сынып мұғалімі Е. А. Абидовских «Менің отбасым» тақырыбы бойынша 1 «А» сыныбында дүниетану сабағын өткізді.

Сабақта оқушылардың ынтымақтастық қабілетіне, өз білімдерін өмірмен байланыстыра білуіне, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған жеке, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылды, бұл интерактивті оқыту болып табылады.

Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға формативті бағалаудың тәсілдері мен әдістері ұсынылды: өзін-өзі бағалау,  «Қол шапалақтау», ауызша мадақтау, «Шамды жағу», «Лайк дизлайк», «Бағдаршам», сигналдық карталар.

 «Сөйлем жина», «Басқатырғыштар», «Артығын алып таста», «Еркін микрофон» тәсілдері әртүрлі ойлау қабілеті бар балаларға арналған,  оқушыларға оқу материалынан тыс шығуға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қарастырады.

Оқытудың бұл нысандары мен әдістері материалды қолжетімді, қызықты, жарқын және бейнелі түрде игеруге мүмкіндік берді, бұл білімді жақсы игеруге ықпал етті.

Бастауыш сынып мұғалімі А.С. Шумило 4 «А» сыныбында «Көп таңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлу» тақырыбы бойынша математика сабағын өткізді. Оқытуды тиімді басқару үшін сабақтың басында балаларға бағалау парағы бойынша жұмыс ұсынылды, онда жоспар, критерийлер және тапсырма дескрипторлары дәйекті түрде көрсетілді.

Сабақта жеке, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері жүргізілді - бұл балалардың назарын оқу үдерісіне аударуға, уәждемелерін арттыруға мүмкіндік берді.

Іс жүзінде барлық тапсырмалар сабақтың «Алтынсарин өмірбаяны» лексикалық тақырыбымен байланысты болды.

Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға формативті бағалау әдістері ұсынылды: өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, «Қол шапалақтау», ауызша мадақтау, «Шамды жағу», «Лайк-дизлайк», «Бағдаршам» әдістері сияқты -оқу процесінің ажырамас бөлігі.

Бағалау парағының нәтижелерін талдау әр оқушының материалды меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

Бастауыш сынып мұғалімі О. Н. Артамонова 2 «Б» сыныбында   «Виктор Владимирович Голявкин «Как я под партой сидел» тақырыбында әдеби оқу сабағын өткізді.

Сабақтың кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты болды, әртүрлі іс-шаралар ауысып отырды. Ақыл-ой әрекеттері тәжірибелік тұрғыдан қолдау тапты. Оқу материалы бүкіл сабақ барысында екінші сынып оқушыларын іздеулерін және зерттеулерін ұйымдастыруға жұмыс істеді, олардың өмірлік тәжірибесіне сәйкес келді.

Әр оқушы үшін жетістікке жету жағдайы жасалды, бұл сонымен қатар уәждемені  арттыруға және оқуға танымдық қызығушылықты сақтауға ықпал етті. Сабақта «Сөйлеуді қыздыру», «Рефлексия»,  «Мақал жинау», « Түймедақ», «Осы оқушыға арналған сұрақ»әдістері қолданылды.

Қиындық деңгейі бойынша сараланған әдіс-тәсіл әр оқушының сабақ мақсаттарына жетуіне ықпал етті.

  Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға формативті бағалау әдістері ұсынылды: өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, «Қол шапалақтау», ауызша мадақтау, «Қол алысу», «Лайк-дизлайк», «Бағдаршам» сияқты әдістері-оқу процесінің ажырамас бөлігі.

           Сабақ мақсаттарына жетті, бұл оқушылардың сабақтың қорытынды сұрақтарына саналы жауаптарымен расталады.

 Мұғалімнің жұмысының сәттілігі көбінесе өздігінен  үнемі жұмыс істеуге байланысты.  Педагогтің өзін-өзі тәрбиелеуі-оқушыларды оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізудің ажырамас бөлігі. 

  «Мұғалім-өмір бойы оқитын адам, тек осы жағдайда ғана ол сабақ беру құқығына ие болады».







Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь