«Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу арқылы танымдық қабілетін дамытудағы өзара бағалаудың рөлі» тақырыбында семинар өтті
Қазақ мектеп – гимназиясында 21 қараша күні «Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу арқылы танымдық қабілетін дамытудағы өзара бағалаудың рөлі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Мұғалімдер 1 «Б» сыныбының «Қосудың ауыстырымдылық қасиеті» тақырыбындағы ашық сабағына қатысты. Сынып жетекшісі: Бисимбаева К.О.
Келесі кезекте мұғалімдер 3 «Б» сынып жетекшісі Н.С. Рустемованың «Түбірлес сөздертақырыбындағы қазақ тілі пәнінен ашық сабағына қатысты.
Сонымен қатар семинар қатысушылары үшін коучинг өткізілді. Коучингті өткізген: Мухаметжанова С.Е., Закрьина А.Х., Жумагулова Г.А.
Семинар соңында қатысушылар мен мектеп мұғалімдері үшін рефлексия кезеңін Галымова К.С. мен Нургожина Г.К. өткізді.