Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Жабаев Талап Баймағанбетұлымен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер мен ақпаратты онлайн желісінде қолдану заман талабына айналды. 20 қараша күні мектебімізде педагогикалық ұжым және халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Жабаев Талап Баймағанбетұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Еgov. kz мобильдік қосымшасы арқылы 80-нен астам қол жетімді қызметтер мен сервистерді пайдалану мумкіндігі туралы мәлімет айтылып, қолдану нұсқаулығы көрсетілді.