Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

СҚО-да 600 орындық мектеп ашылды

СҚО-да 600 орындық мектеп ашылды 2019 жылғы

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Елордада жасөспірімдер арасындағы қылмыс 12,2 пайызға төмендеді Елордада «Мирас» халықаралық мектебінің 20 жылдығы аталып өтті Сағынтаев Алматы мектептеріндегі орын тапшылығын қалай реттейтінін айтып берді Білім министрі 2 352 мектептің ауласындағы дәретханаларды жабуды ұсынды Солтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «Береке» ықшам ауданында жаңа қазақ мектебі қолданысқа берілді. «Мереке күні облысымызда әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылуда. Бүгін «Береке» ықшам ауданындағы 600 орындық жаңа қазақ мектебі қолданысқа берілді. Бұл Петропавлдағы соңғы 12 жылда салынған алғашқы мектеп.

Дәл осындай 900 балаға шақталған мектеп «Жас Өркен» шағын ауданында салынып жатыр. Мағжан Жұмабаев көшесінде тағы бір мектептің құрылысы басталып жатыр. Жаңа білім ордаларының салынуы үш ауысымдық оқуды жойып, білім сапасын арттыруға септігін тигізеді», деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов Facebook-тегі парақшасында. Әкімнің айтуынша, соңғы үш жылда өңірдегі білім саласына бөлінген қаржы 29% ұлғайған. «Бұл тенденция жалғасады. Мектептердің құрылысына және жөнделуіне қомақты қаржы жұмсау жалғасын табады», деді әкім.






Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/sko-da-600-oryndyk-mektep-ashyldy_a3561126


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь