Сайттар мен интернет-ресурстар жөнінде
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) аясында тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Аталған іс-шаралар жоспарының 22-тармағына сәйкес кирилицадан латын графикасына қайта кодтаушы конвертер бағдарламасын (qazlatyn.kz) ағымдағы жылдың соңына дейін орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер ресми сайттарына орналастыруы тиіс.
Бүгінгі таңда іс-шаралар жоспарына және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «qazlatyn.rz» конвертер бағдарламасынан басқа күнделікті жұмыс барысында қолданылатын «termincom.kz», «tilalemi.kz», «sozdikqor.kz», «emle.kz», «atau.rz», «balatili.kz», «tilqural.kz» сайттары (htt:// tilalemi.kz, htt:// sozdikqor.kz, htt:// tilqural.kz , htt:// balatili.kz, htt:// qazlatyn.rz, htt:// emle.kz, htt:// atau.rz, htt:// qazlatyn.rz/converter/text htt:// termincom.kz/, htt:// tilmedia.rz/) пайдаланылуға берілді.
Осы ретт аталған сайттардың қолданыс аясын кеңейту және жалпы көпшілікке қол жетімдігін арттыру мақсатында сілтемелерін ресми сайттарыңызға орналастыруыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ сайттарға қатысты сауалдар мен ұсыныс-пікірлерді tilalemi.kz@gmail.com электронды мекенжайына жолдауға немесе 8(7172)27-71-33 телефоны арқылы байланысуға болады
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау