М. Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп- лицейде Тілдер күнін атап өту аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай- дара, Абай- дана» атты сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Можганова Н.Т. өткізді.
Мектеп- лицей директоры Касимова Р.Е. жиналған қауымды аталған мерекемен құттықтап, сайыскерлерге сәттілік тіледі.
Сайысты 5 «Б» сынып оқушысы Аубакирова Ясмин «Бір бала» әнімен ашты.
Сайысқа 5 «Б», 6«Б», 7 «Б», 8«Б», 9 «Б» сынып оқушылары қатысты.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды. 1- кезеңде әр сынып өз тобын таныстырды.
2- кезеңде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан ақпарат берілді.
3- кезеңде Ұлы ақынның бір өлеңін жатқа оқыды.
4- кезеңде әр топ Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы альбом дайындады.
5- кезеңде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан әр топқа сұрақтар берілді.
6- кезеңде әр топ өз өнерлерін ұлттық киімде көрсетті. Осы кезеңде оқушылар ән айтты, би биледі, домбырада ойнады.
Сайыс соңында 5 және 9 -сынып оқушылары Ұлы ақын туралы қанатты сөздерді жатқа айтты. 5 «Б» сынып оқушысы Рябчинский Ярослав
А. Құнанбайұлының «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін мәнерлеп оқып, көрермендер көңілінен шыға білді.
Артынан өлмейтін мұра қалдырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған сайыс жан- жақты, қызықты тартымды өтті.
Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген және еркін халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына біз жетіп отырмыз.
Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау