«М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аюпова Балбота Азаматовнаның Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына
Пікір
Оқу жылының алғашқы күнінде Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына жолдау жасады. Президентіміз еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін атап өтіп, Отанымыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбек еткенін де ескерусіз қалдырмады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде мен үшін жолдаудың «Қоғамдық келісімді нығайту» бөлімі құнды. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет екеніне баса назар аударып, еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасайтынын мәлімдеді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келгеніне сенім артты. Келер жылдың маңызды мерейтойлары мен елеулі оқиғаларына дайындық жұмыстарының басталғаны қуантады. Келер жылы бәріміз әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой кезінде ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керектігін ескертті. Әлем әдебиетінің жауһарына айналған құнды әдебиеттер қалдырған ойшылдарымызға байланысты елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына да сенім білдірді.
Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты одан әрі жүзеге асырудың негізгі бағыттарына ерекше тоқталып, оны жүзеге асыру жолдарын нақтылай келе, мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға ықпал етуде «Нұр Отан» партиясы ғана белсенді атсалысып қана қоймай , өзге де еліміздің партиялары жұмыс жасау керек екенін атап өтті.
Елбасының бұйрығы бойынша халықтың құқығы мен қауіпсіздігіне баса назар аударылу керек. Олардың қатарында мына мәселелер талқыланып, оларды қатайту қарастырылды: сот шешімдерінің сапасын жақсарту, сексуалды зорлық пен педофилия, есірткіні тарату және адамдар саудасы т.б. Мен жарқын болашақты қалайтын педагог ретінде Елбасының бұл мәселелерге көңіл аударғанына ризамын.
Білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жұмысына ерекше мән беріліп, оларға лайықты жалақы мен қолжетімді баспана қарастыру мәселесі көтерілгеніне де өте қуаныштымыз. Озық мемлекеттің болашағы – ойлы жастар. Оларды тәрбиелеуде түрлі дамыған елдердің тәжірибесін игеру, мықты мамандар әзірлеу, білімге жетелеу – қиынның қиыны. Ол үшін бізге өзіміз секілді еңбекқор жастарды тек қалада ғана емес, сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауылға тартып, ел өмірін көркейту үшін жасалып жатқан жұмыстың жалғасуы да көңілге қонымды көрінді. Ел іргесін нығайтуда адам капиталы маңызды десек, көпбалалы отандастарымыздың жағдайын жақсарту мәселесі де назарға алынғаны риза қылды.
Білікті педагог кадрларының тапшылығы – ауылдық жерлердің осал жері. Сондықтан да «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту қарастырылғаны қуантарлық жайт.
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында үкімет пен әкімдердің баларға үйірмелер мен орталықтарға, жазғы сауықтыру орталықтарына бару үшін жағдай жасайтыны нұр үстіне нұр болмақ!
Мұғалім ретінде оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу ұсынысын да қолдаймын. Бұл – елімізде сұранысқа ие мамандардар санын азайтудың бірден бір жолы.
Елбасымыздың ұстаздарға артқан сенімі мен көрсетіп жатқан қолдауына ризамын!
Қорыта айтқанда, мемлекетіміздің барша азаматтарын мазалайтын маңызды сұрақтарды көтерген Елбасы жұмысы өркендей берсін демекпін. Алға қойған, жоспарланған бағдарламалар нәтижесі сапалы өмірге әкелер деген сенім мол! Ел өмірін өркендетуге барша құзырлы азаматтар тарпынан зор күш жұмсалса екен! Біз, мектеп мұғалімдері, өз тарапымыздан атқарытуы керек жұмыстарды барынша жасауға тырысамыз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау