Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді

Білім жəне ғылым министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан акция аз қамтылған, көпбалалы жəне тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған. Оларды мектепке дайындау мақсатында əлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған акциядан 2018 жылдың қорытындысы бойынша 328 766 оқушы 2 млрд. 822 млн. 846 мың теңгеге материалдық жəне қаржылық көмек алған. Бұл тек жылына бір рет ұйымдастырылатын акция болғандықтан, Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасына сəйкес, осы акцияға жаңашылдық енгізілді. Бұдан былай, «Мектепке жол» акциясы 2 ай ғана емес, жыл бойы іске асатын болады. Нақтылап айтсам, біздің министрлік «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесіп, дəстүрлі көмек көрсету механизмге қосымша ретінде портал арқылы онлайн түрде көмек көрсету туралы келісімге келдік. Ендігі кезекте демеушілер мен меценаттар atamekenim.kz www.atamekenim.kz порталында орналасқан өтінім жəне тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсете алады. Сонымен, бүгіннен бастап «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің порталында «Мектепке жол» акциясының жұмысын ресми түрде іске қосамыз. Нəтижесінде бірнеше мəселелерді шешеміз: біріншіден, біз балаға бір рет қана емес, жылдың əр мезгілінде қажетті құрал-жабдықтар алуға көмектесеюуге мүмкіндік болады; екіншіден, көмекке мұқтаж жандар мен қайырымдылық жасайтын азаматтардың арасында тікелей байланыс орнатылады; үшіншіден, көмекке зəру адамдардың шынайылығын растап, олардың əлеуметтік қажеттіліктерінің жауапсыз қалмауына əсер етеміз; төртіншіден, қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын онлайн түрде бақылау мүмкін болады. P.S. Құрметті достар, «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады. Мемлекеттік қызметкерлерді, бизнесменмеценаттарды, ректорларды жəне баршаңызды осы акцияға қатысуға шақырамын. Кез келген істі басқаға айтпас бұрын, алдымен, өзім үлгі болуым керек деген оймен акцияны өзімнен бастайын деп отырмын. Жақсылық жасайық достар!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь