Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст


  

 

Объявление о размещении запроса выражения интереса

КГУ «Отдел образования города Петропавловска» КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области» сообщает о размещении запроса выражения интереса от потенциальных субъектов предпринимательства и иных заинтересованных лиц в целях создания субъекта рынка путем реализации механизма государственно-частного партнерства.

В целях предоставления высококачественных общеобразовательных услуг и доступности дошкольного воспитания и обучения в г. Петропавловске, необходимо строительство объектов дошкольного воспитания, ясли-сада на 280 мест, расположенный в мкр. «Жас-өркен» в городе Петропавловске.

Размещение запроса осуществляется в соответствии с Методикой по проведению обследования товарных рынков, на которых будут создаваться государственные предприятия и юридические лица, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированные с ними юридические лица и (или) осуществляться ими дополнительные виды деятельности, утвержденной приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2017 года № 103, зарегистрированным в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 марта 2017 года № 14948.

Целью запроса выражения интереса является:

-определение наличия и уровня заинтересованности частного сектора;

-анализ конкурентной среды соответствующего товарного рынка;

-обоснование целесообразности создания субъекта рынка с государственным участием в рамках государственно-частного партнерства.

Заинтересованные лица вправе представить свои предложения, замечания и информацию о потенциальной готовности участия в реализации проекта государственно-частного партнерства в сроки до 9 февраля 2026 года.

 

                                                    




Жарияланған күні:2025 ж. 29.05

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс

 

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі ресми интернет-ресурста конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштерді қабылдау «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ хабарландыру жарияланған күннен басталады.

    Конкурсқа кем дегенде бір жыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында жұмыс тәжірибесі бар және келесілерді қамтамасыз ететін ұйымдар қатысуға жіберіледі:

1) № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуындағы бұзушылықтар (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылдың бұзылуы немесе қиындықтары (аутизм спектрінің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылулары бар балалар) санаттары бойынша орындар саны осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке сәйкес (әрі қарай  – Өтініш);

2) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелді) ( әрі қарай – Санитарлық ережелер);

3) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелді) (әрі қарай – Өрт қауіпсіздігі ережелері);

4) Төтенше жағдайлар туындаған кезде ескерту (дабыл түймесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дауыстық хабарлау жүйесінің болуы);

5) «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғау (бейнебақылау жүйесінің болуы);

 6) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған арнайы жағдайлар, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және № 385 бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

7) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелді);

8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

9) «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелді) және  «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес штат саны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелді);

10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар электрондық форматта (ptr@sqo.gov.kz электрондық пошта мекенжайы) немесе қағаз түрінде хабарландыру орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады.

1) өтініш;

2) ұйым басшысының қолымен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

5) құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі бар жылжымайтын мүлікке немесе жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.

Петропавл қаласының білім бөлімі құрған комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы алынған келесі құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады («электрондық үкімет»  www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы):

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және/ немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

2) медициналық қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;

3) ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

4) конкурсқа құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнмен мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

Өткізу уақыты 2025 жылғы 3 маусым сағат 15.00-де.

         Өтетін орны – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ СҚО, ҚР  . Конституция Қазақстан көшесі,23, 301 каб.

         Анықтама үшін телефон: 8(7152) 46-32-59.

 


Януш Корчак. Бала тәрбиесіне арналған 10 өсиет

Газ камерасында балалармен бірге көз жұмған тарихи тұлға Януш Корчак – үш соғысты басынан өткерген құрметті ақын, поляк мұғалімі, жазушы және дәрігер. Ол – балалар үшін өз өмірінен бас тартқан ұлы ұстаз деп жазады Qamshy.kz

Януш Корчак еврей отбасында дүниеге келіп, балалық шағында өзгелерден көп қысым көріп өседі. Алайда білімділігімен 15 жасынан ұстаздық қызмет атқарып, өз қатарының алды болған. Отбасылық жағдайының қиындығына байланысты дәрігер болуға шешім қабылдайды және ақындығын қатар алып жүреді. Оның ең алғашқы “Қандай жолмен?” атты пьессасы үлкен танымалдылыққа ие болып, есімі жұртқа таныла бастайды. Бұл пьессада ол өзінің психологиялық аурумен ауырған әкесі туралы жазған.

1905 жылы орыс-жапон соғысы басталған кезде 27 жастағы Януш Корчак соғысқа дәрігер ретінде барады. Соғыс аяқталғаннан кейін Польшаға оралады.  Екі жылдың ішінде Германия, Англия және Францияда болып, мұғалімдіктің сыр-қырын үйренеді. Польша үкіметінің көмегімен еврей балаларын тәрбиелейтін жетімдер үйін ашады. Алғашқы айларда Януш Корчак пен әріптесі Стефана Вильчинский екеуі талмай еңбек етеді. Әбден қараусыз қалған балаларды оқытып, адам қатарына қосу оларға оңайға түспеді.

Януш Корчак сонымен қатар өзінің әріптестеріне баланы тәрбиелеу жолын үйретіп, ең алғашқылардың бірі болып еврей балаларының құқығын қорғайды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Януш Корчак тағы да соғысқа дәрігер ретінде шақырту алады. Соғыс жылдары “Баланы қалай жақсы көру керек?” деген кітабын жазған.

Соғыстан кейін мұғалімдік жұмысына зор қарқынмен кіріскен ол балалар үйінде газет ашады. Соның арқасында көптеген балалар оқу мен жазуды үйреніп, жаңа білімге ұмтыла бастайды. Оның бала тәрбиесі туралы ілімі бүкіл әлемге танымал бола бастайды. Алайда өз елінде қолдау таппайды. Жергілікті тұрғындар өз балаларын еврейдің тәрбиесіне бергісі келмейді.

Ақша тапшылығына байланысты балалар үйі күрделі, қиын кезеңді басынан өткізеді. Тұрғындардың қысымына қарамастан ол басқа елге кетпей, туған жерінде қалады.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Януш Корчак салдаттарға көмегін тоқтатпады. соғыста дәрігер болып еңбек етті.

Фашистер Польшаны басып алған кезде Януш Корчак пен оның балалар үйі қиындықта қалды. Фашистер еврейлерді адам санамаған, оларға жануар секілді қараған. Осындай қиындыққа қарамастан балаларды қорғау үшін барын салады. 1940 жылы балаларды қауіпсіз орынға көшіреді. Алайда екі-үш айдан соң неміс басшылары Януш Капчакты тұтқынға алады, осылай балалар үйі қараусыз қалады. Бір айдан соң тұтқыннан босап шыққан ол өзінің және балалардың өмір сүруіне аз уақыт қалғаннын түсінеді.

Балалардың соңғы күндерін ол барынша бақытты өткізуге тырысады. 1942 жылдың жазында, Корчактың қол астындағы барлық жетімдерді депортациялау туралы қаулы шығарылады. Онда балалардың қайда жіберілетіні туралы нақты көрсетілмеді және бұл жаңалықтың ешқандай жақсылыққа әкелмейтіні белгілі еді.

Януш Корчак қауіпті сезіп, басшылыққа оның балаларының өте еңбекқор екендігін айтып, неміс әскерлерінің қатарына алуды сұрайды. Осылайша бақытсыз балалардың өмірін сақтап қалу үшін кез-келген мүмкіндікті пайдалануға тырысады. 1942 жылдың 6 тамызында Балалар үйінің барлық 192 баласы Треблинка концлагеріне көшірілді. Олармен бірге Корчак, оның адал әріптесі Стефани және тағы 8 ересек адам бірге көшіріледі.

Ұлы ұстаз Януш Корчак әлемге әйгілі болғандықтан, көптеген танымал адамдар оны өлімнен құтқаруға тырысқан. Дегенмен, ол балалармен бірге қалып, барлық ұсыныстан бас тартады.

Балаларды жүк вагондарына отырғызып, лагерьге баратын поезд машинасына көтерілген кезде, СС офицері Корчакқа келіп:

– Сіз “Корол Мэтти” кітабын жаздыңыз ба? Мен бұл кітапты балалық шағында оқығанмын. Өте жақсы кітап. Сіз боссыз, кете берсеңіз болды.

– Ал балалар ше?

– Балалар лагерьге барады. Бірақ сізді босатамыз,- дегенде, Януш Корчак:

– Жоқ, мен бармаймын. Адамдардың барлығы бірдей оңбаған емес, – деп жауап берген екен.

Еврей балаларын өлім лагеріне жібергенін өз көзімен көрген поляк тарихшысы Эммануэль Рингельблум осы күн туралы мынандай естелік қалдырады:

“Балалар үйін алып тастау туралы бұйрық шықты! Жоқ, мен бұл көріністі ешқашан ұмытпаймын! Балаларды вагондарға отырғызғанда бүкіл жұрт жиналып, Корчакты үнсіз  шығарып салды. Екі баланы жетектеген Корчак алысқа көз тастап үнсіз кете барды. Неміс полициясы таң қалып: “Бұл адам кім?” – деп сұрады. Мен шыдай алмай, жылап жібердім”.

Януш Корчак Треблинка концлагерінде газ камерасында балалармен бірге қаза тапты.

Өлгенге дейін қолында екі кішкентай баланы ұстап, ештеңеден күмәнсіз сәбилерге ертегі оқып, өмірінің соңғы минуттарына дейін олармен бірге болды.

Януш Корчак басынан өткен оқиғаларын өз күнделігіне жазып отырған. Сіз ұлы ұстаздың өмірінен  кез-келген танымал адамның өмірбаянынан таппаған батырлықты, ұлылықты табасыз.

Бар өмірін балаларға арнаған Януш Корчактың еңбегі, идеологиясы өз уақытында лайықты бағасын алмағаны қынжылтады. Балалар үшін өмірін қиған ұлы ұстаз туралы көпшіліктің біле бермейтіні өкінішті.

Оның балаларды тәрбиелеу үшін ұсынған 10 өсиетін оқып шығыңыз:

  1. Балаңыздан өзіңіз секілді болуды немесе сіздің қалағаныңызды істеуін күтпеңіз. Өзіңіз секілді болуға емес, өз жолын табуына көмектесіңіз.
  2. Балаңыздан жақсылығыңыздың өтемін күтпеңіз. Сіз оған өмір сыйладыңыз. Балаңыз үшінші бір адамды өмірге әкеледі, солай жақсылығыңызды қайтарады. Бұл ризашылықтың өзгермейтін заңы.
  3. Кішкентай кезінде балаңызға наразылық білдірмеңіз. Өзіңіз қартайғанда соның опығын жейсіз. Не ексең, соны оратыныңызды ұмытпаңыз.
  4. Баланың қиындықтарына жоғарыдан қарамаңыз. Өмірде әркімге өзінің күшіне сай қиындықтар берілетінін ұмытпа.
  5. Баланы ешқашан төмендетпе!
  6. Адамның ең маңызды жүздесулері оның балалармен кездесулері екенін ұмытпаңыз. Оларға көбірек назар аударыңыз! Біз кішкентай баланың болашақта кім болатынын біле алмаймыз.
  7. Балаңыз үшін бірдеңе жасай алмасаңыз, өзіңізді кінәлауға болмайды. Есіңізде болсын: бала үшін қолыңнан келетін нәрсені жасасаңыз, сол жеткілікті.
  8. Бала сенің өміріңнің жемісі ғана емес. Ол сенің қолыңа берілген бағалы шыныаяқ секілді. Шыныаяқтағы жанған шырақты сақтау және өшірмеу сенің қолыңда. Бала – анасы мен әкесінің сүйіспеншілігі, олардың жанының бөлшегі, өмірінің жалғасы.
  9. Біреудің баласын өз балаңыздай жақсы көріңіз. Ешқашан басқаның баласына өз балаңа істегіңіз келмейтін нәрсені жасамаңыз.
  10. Балаңызды еш негізсіз, бей-жай, ересек ретінде жақсы көріңіз. Онымен қарым-қатынасыңызды бағалаңыз, себебі бала сіздің өміріңіздің мәні, шаттығы болып табылады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь