Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Сырбойылық оқушылардың 98% лагерьге барады



Қызылорда облысындағы 9 лагерь мен мектеп жанынан ұйымдастырылған 550 орталықта жаз айларында 145 мың бала тынығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар Сыр өрендері Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарының демалыс орындарына жіберіледі. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 20 мыңдай оқушы тарихи-мәдени нысандарға саяхат жасайды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардан шыққан 26 мыңдай балаға лагерьге тегін жолдама беріледі. Қазіргі таңда тынығу-сауықтыру нысандары оқушыларды қабылдауға соңғы әзірлікті жүргізіп жатыр. Балғындарды дамыту, білім беру, психотерапевтік және коммуникативтік қызмет көрсететін орталықтарда бала қауіпсіздігі мәселесі қатаң бақылауда болады. Айта кетейік, аймақ бойынша тек Қармақшы ауданында типтік жобадағы лагерь жоқ.

Мәди Бекмағамбетов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Қазіргі таңда Қармақшы ауданында жыл бойына жұмыс жасайтын лагерьдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл ретте облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аталған Қармақшы ауданының оқушылары аймақтың 9 балалар сауықтыру орталықтарына демалуға жіберілетін болады. Сонымен қатар аймақтың меценат, кәсіпкерлері демеушілігі есебінен 16 мың баланы жазғы демалыспен қамтитын боламыз.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь