2019 жылдың мамырының 16-жұлдызында қазақ мектеп-гимназиясы ордасында 5-16-сынып оқушылары арасында жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында мектепішілк Мағжан оқуы өтті. Мағжан оқуына 5-6-сынып оқушылары қатысты. Ереже бойынша қатысушылар Мағжан оқуларында 1- бағыт бойынша сынасты. Мектеп оқушыларының мектепішілік Мағжан оқуында ««Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» ақын шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша 1-орынға 5 "Ә" сынып оқушысы – Жайлаубай Біржан ие болса, 2-орынды 6 «Ә» сынып оқушылары Ахмади Алтынай, 3-орынды Қайырбай Гүлім иеленіп, қалған оқушылар Алғыс хатпен марапатталды. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқуда белсенділік көрсетті. Осы оқушылардың облыс, республика көлемінде биіктерден көрінетіндеріне сенеміз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау