Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

«Көркем сөз зергері» атты шығармашылық-танымдық іс-шара

 

2017 жылдың 15 сәуірі күні жалпы білім беретін оқу орындарының қазақ мектептерінің 5-10-сынып оқушылары арасында Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болған С.Шәймерденовтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Көркем сөз зергері» атты шығармашылық – танымдық іс-шара болып өтті.

 

Байқау мақсаты – мектеп оқушыларының жазушы өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылығын арттыру, жазушының рухани мұрасын, өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау болып табылады. Байқау 3 номинацияда өтті.

 

Мектебімізден 3 оқушы қатысып, мектеп намысын қорғап келді. 6 «А» сынып оқушысы Қаержан Гүлназ 1-номинацияда жазушы С.Шәймерденовтің бір прозалық немесе драматургиялық  шығармасынан үзінді жатқа мәнерлеп оқу бойынша ІІ орын (мұғалімі Тасқұл А.М.), 9 «А» сынып оқушысы Калыкова Елдана 2-номинацияда  жазушы С.Шәймерденовтің өмірі мен шығармашылығы бойынша жорға, бәйге, полиглот турларынан тұратын шығармашылық-зерделілік ойынында сертификатқа ие болса (мұғалімі Солтан А.), 9 «А» сынып оқушысы  Қанағат Қарлығаш 3-номинацияда ұсынылған 5 тақырып бойынша эссе жазудан ІІІ дәрежелі орынға (мұғалімі Байтенова Г.Ж.) ие болды.

 

Оқушыларымызды тағы бір мәрте жеңістерімен құттықтаймыз. Келешектері кемел, болашақтары нұрлы болып, барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық болып, егеменді еліміздің білікті Азаматы болуларына тілектестік білдіреміз.

 

 



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь