Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН Қ. БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

 

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақыл менен білімің екі жақтап...» - деп Абай атамыз айтқандай, 9 «А» сынып оқушысы Қанағат Қарлығаш білімі мен біліктілігі ұштасқан дарынды оқушы екенін тағы бір дәлелдеді. Сәуір айының 4-ші жұлдызы күні  Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, жаңашыл ұстаз, профессор, ұстаздардың ұстазы, қазақ педагогикасының аңызына айналған тұлға, болашақ ұрпақты даярлау мақсатында сапалы білім беру ісіне бүкіл өмірін арнаған Қазақстанның еңбегі сіңген ұстаз қыздарының бірі - Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті. Осы  ақтық білім додасынан  9-сыныптар бойынша топ жарып, Қанағат Қарлығаш жүлделі  ӀӀӀ орынды (мұғалімі Байтенова Г.Ж.) иеленді. Олимпиада 2 турдан тұрды: 1 тур – жазбаша (эссе); 2 тур – ауызша. Өзінің және мектептің мәртебесін асқақтатып, ұстаздарының үмітін ақтап жүрген Қарлығаштың болашақта да биік белестерден көрінуіне тілектеспіз. Өмір жолында бұдан да биік жетістіктерге жететініне сенімдіміз.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь