Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

2017 жылдың 09.03. күні Қазақ мектеп-гимназиясында мектеп бітірушілер мен ата-аналардың қатысуымен алқалы отырыс өткізілді

 

Күн тәртібінде:

1.Қорытынды аттестаттау өткізудің жаңа үлгілік ережесі.
2.Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2017 жаңа форматы.
3.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сералина М.Е.
4.Директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Топышев Т.Б. сөйлеген сөзінен үзінді:

 

Бүгінгі жиналысымызда екі мәселе қарастырылатын болады. 1.Қорытынды аттестаттау өткізудің жаңа үлгілік ережесі.2. Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2017 жаңа форматы. Бұл сұрақтармен директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары ТопышевТ.Б. таныстырып кетеді. Ең алдымен таныстырмас бұрын, құрметті ата-аналар , егер де мәселеден кейін сіздерде сұрақтар туындап жатса, а4 форматтағы парақшаларға сұрақтарыңызды жазсаңыздар және де өз нөмірлеріңізді көрсетсеңіздер. Себебі бұл сұрақтарға сіздерге жауап қайтарылу керек. Сол сұрақтарға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, сынып жетекшілерге тапсырма берілген болатын , яғни, ҰБТ алдынды сіздердің балаларыңыз дан 5-ші пән бойынша мәліметтер алынды.

Бұл не үшін қажет десеңіздер, ҰБТ орталығына бесінші пән бойынша тапсырыс жіберілді. Оның ішінде қатысушылардың саны, сонымен қатар, тапсыратын бесінші пән тізімі жіберілі. Сол бойынша сіздерге мәліметтер дайындалып жатыр және электронды түрде емтихан материалдары дайындалып жіберіледі. Яғни бұл 23 мамыр күні қалалық білім бөліміне, білім басқармаларына қазпошта арқылы жіберіледі. Бүгінгі таңда 11 А сынып оқушылары таңдаған бесінші пәндері бір қалыпта қалды, ал 11 Ә сыныбында бесінші пән таңдауда сәл өзгерістер болды. Бұл жерде айтып кететін жайт, бұл веб арқылы берілген бесінші пәндер бекітілді және өзгертуге болмайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «16» қарашадағы № 660 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.



11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан: Ұсынылған үш тақырыптан оқушы біреуін таңдайды 250-300 сөзден тұратын ессе жазу керек 2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; тапсырмалар матем. фактілерді , түсініктерді ,функционалдық сауаттылыққа бағытталған. 3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан; билет бойынша , әр билетте 3 сұрақтан болады.Екі сұрақ Қаз.тар.теориялық сұрақтар 3-ші шығармашылық (карта,кескіндер,портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б) 4) қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу; барлығы 40 сұрақ 40 балл беріледі , 80 минут. 5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу. Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді. барлығы 40 сұрақ 60 балл беріледі , 80 минут.20 сұрақ 20 балл келесі 20 сұрақ бірнеші дұрыс жауабы бар 40 балл. 38. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып б өлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын Комиссияға тапсырады, емтихан жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.

  1. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін білім алушылардың жұмыстарын Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында тексереді.

Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

Математика пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.

Оқыту тілі бойынша қайта жазбаша емтихан нысанын мектептің Комиссиясы белгілейді.

11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математикадан жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь