Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Педагогтің кәсіби қызметінің шығармашылық есебі   Кабиева Баян Жанатовна биология  пәні мұғалімі

 
 
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімділік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан.
Сүйеді сондықтан да, жақын, жаты…
С. Мұқанов.
Мұғалім — мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің  білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады.  Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде жеті модульді сабақта жүйелі қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға үйретуді қолданып келемін.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың « Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Сондықтан соңғы үш жылда өткен сабақтарым 7- сыныпта «Ақсұлама емін еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі», «Құстардың көптүрлілігі.Түйеқұстар(қыртөссіз құстар).Пингвиндер»,  6-сыныпта «Саңырауқұлақтардың көптүрлігі» атты ізденіс сабақтарым өз дәрежесінде өтті.
Оқушылар пәндік олимпиадаға үнемі қатыстырылып отырылады. Атап айтсам: 2016-2017  оқу жылында қалалық  пәндік олимпиададан   Габдуллина Дарига- ІІІ орынға,Құдаспай Мөлдір- ІІІ орынға, Калиева Мадина- ІІІ орынға ие болды.
2016-2017  оқу жылында «Ак бота» интеллектуалдық марафонында Габдуллтна Дарига, Калиева Мадина, Каиржан Ринат, Сандыбай Жазира, Нурланова Алина, Қайыр Тасқын - ІІІ орындарға ие болды
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа, ғылыми жұмыстарға бағыттауда да айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді.
Ұстаз қай уақытта  болмасын оқушы көкейінде қалықтап, жүрегіне нәр құюы керек!
Міне сонда ғана ұстаз-ұстаз болмақшы.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь