Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...........» Сексенбаева Жанаржан Дулатовна

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...........»
Сексенбаева Жанаржан Дулатовна
 
Қазақ мектеп-гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
 
Ұстаз - мектептің жүрегі. Ұстаз алдындағы басты міндет-сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Сол мақсатқа жету үшін мұғалім тынбай еңбек етіп, өзінің кәсіби шеберлігін үнемі дамытып отыру қажет.
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздықеткенжалықпас,
Үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін  анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз.
Бастауыш мектеп мұғалімі ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Сондай – ақ ол баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуға үйретеді. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам. Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбатты, өз елінің азаматтарының тағдырын, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндермен сипатталады. Бүгінгі мұғалім еңбегінің жемісі қандай,  қоғамымыз да сондай болмақ.
Бұрын өз пәнімді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс – тәсілдерді меңгерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген пікір орын алса, енді бұл көзқарасты мүлде  өзгертуге тура келеді. Өйткені қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлдем басқаша. Өйткені олар ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар.
Ең басты мақсат – оқушыларды сабаққа ынталандыру. Оқушылар сабаққа қызықты дегенше, іс оңайға басты дей беріңіз. Шәкірттерді пәнге, қала берді өтілетін тақырыпқа қалай қызықтыруға болады? Әрине, сабақты қызықты етіп өткізу айтуға ғана жеңіл. Оқушыларды еліктірерлік, еріксіз баурап аларлық сабақ өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалімнің белсенділігін, еңбекқорлығын, қабілеттілігінің, қажет десеңіз дарындылығын қажет етеді. Әр мұғалім әр сабақты құштарлықпен, шабытпен өткізгенде ғана нәтиже беретіні сөзсіз. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы. Біздің алдағы мақсатты ісіміздің бірі және негізгісі осы болып табылады.
Нағыз мұғалім - өзін-өзі дамытып отыратын тұлға. Мұғалімнің кәсіби дайындығы,білім мен біліктері,оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңдейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты. Қазіргі кезде Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Еліміздегі білім беру саласының алдында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім берудің сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін әрине білім беру саласының алдында оқушылардың білім сапасын көтеру міндеті қойылып отыр.
Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының  ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда дер едім.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде мектеп оқушыларына білім беру бұрын қалыптасқан жүйеден әлдеқайда жоғары талаптар қояды. Бұл талапты жүзеге асыру үшін мұғалім қызметі арта түседі Білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген, үнемі ізденуден жалықпайтын жаңа әдісті тиімді қолдана білуді меңгерген ұстаз ғана нәтижелі табысқа жете алады.Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпауы керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының ақыл-ойының дамуын ұйымдастырушы, балаға бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауы тиіс.Сонда ғана білім сапасын жоғарылатып, қоғамға лайықты азамат тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальді, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі мектептің басты мақсаты-болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу. Ол үшін бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Өз сабағымда оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін пайдалану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізіп  келемін. Ең әуелі оқушылар ойын шыңдап, кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды және бірін-бірі тыңдай білуді үйренеді. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын  аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге үйренеді және сөздік қорлары молаяды.
Оқушы–ізденуші тұлға. Оқушының тілін ойын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтандыруда жазу жұмысы басты рөл атқарады. Жазу арқылы оқушы тақырыпты тереңірек түсінеді, қызығушылығы артады, ойын дамытады және жазу дағдысын қалыптастырады. Ал жазуға дейін бала мәтінді оқып, тыңдап көңілге тоқып түсінеді. Мәтінді өз бетінше талдай отырып оның тақырыбы мен мазмұнын игеруде «Түртіп алу стратегиясы», «ЖИГСО», «ББҮ» әдістерінің маңызы зор. Ой қорытыу жинақтап бір түйінді пікір жасау үшін «Эссе», «Бес жолды өлең» әдістерін пайдалануда оқушылардың қызығушылығы артып, қисынды ойлап, сабаққа деген белсенділігі де артатындығын байқадым.
Оқуға зауқы жоқ, үлгерімі нашар деген баланың бойынан жоқ дегенде бір жақсы қасиет табуға болады. Осындай баланың ерекшелігін көре алатын мұғалім ғана өз ісінің маманы ретінде танылады. Кез-келген пәнге оқушы қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі әдеттерге қоса хабарлама, көрнекі көрсету,безендіру әдістерін қолдану, сонымен қатар зертханалық және сарамандық тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыра білу мұғалім шеберлігінің бір көрінісі.
Адам топ ішінде ғана толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс істеуі өз әсерін береді. Ойды ой жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама әдістерін пайдалану септігін тигізеді.Сонымен бірге оқушыларды сабаққа ынталандыру сабақ жоспарының түрлеріне де байланысты. Мәселен, жарыс сабақ, сахналау сабақ және ойын сабақтарын қолдану баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді дегенде, мұғалім ең алдымен бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын. Атақты педагог К.Д.Ушинскидің  «Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген сөздерді әр мұғалім үнемі жадында ұстау керек.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь