Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Шығармашылық есеп Балағанова Назгүл Қайратқызы

Шығармашылық есеп
Балағанова Назгүл Қайратқызы
Мен Балағанова Назгүл Қайратқызы математика және информатика  пәндерін оқытуда «Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ету» мәселесімен жұмыс атқарамын.

Өз сабақтарымда Кембридж бағдарламасы бойынша оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, диалогік оқыту модулін пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамыта түстім. Оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдана келе оқушылармен әр сабақта топтық, жұптық жұмыс түрлерін жүргіземін. Сабақ барысында дарынды талантты балалармен және үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмаларды орындатамын. Әр сабақтың материалын өмірмен байланыстырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға көп назар аударамын. Сабақтан тыс уақытта да оқушылардың бойында зерттеушілік қабілеттерін оятып, қосымша материалдармен жұмыс жасау арқылы ғылыми жобалар жазып жатырмыз. Соның нәтижесінде 5-сынып оқушысы Сабитов Жанбота ХІІ Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстарының қалалық кезеңінде ІІІ жүлделі орынға ие болып,  облыстық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар байқауларда оқушыларымды әрқашан даярлаймын, осының арқасында көптеген жетістіктерге жетудемін. Оқуға қосқан үлесімнің бірден-бір себепкерлері Ақбота, Кенгуру марафондарынан және қашықтық олимпиадалардан жүлделі орындарға үнемі ие болып келе жатыр. Электронды оқыту жүйесіндегі кітапхана ресурстарындағы пәнге берілген мультимедиалық түсіндірмелер  мен тест тапсырмасын оқушыларға орындатамын.

Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып,  жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдар анықталуда.

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі. Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен  ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін.
 
Қазақ мектеп-гимназиясының директоры                   Б.Ахмадиқызы

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь