Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Солтүстіктің інжуі – Сафуан Шәймерденовтың 95 жылдық мерейтойына орай

                                                                   
                      
Сафуан Шаймерденов! Иә, Сафекең десе елең етпейтін қазақ кемде-кем. Ендігі кезекте Сафуан десе елең ететін де гимназия оқушылары болмақ. Өйткені былтырғы жылы қалалық классикалық гимназияға халық жазушысының аты берілсе, бүгінгі күні, ақпанның екінші жұлдызында ақиық жазушының құрметіне, сонымен қатар 95 жылдық мерейтойының қарсаңында «Сафуантану» кабинеті салтанатты түрде ашылды. Жұртшылық оны қарымды қаламгер және қайраткер тұлға ретінде жақсы таниды. Бүгінгі тойымызға арнайы келген ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері, ҚР білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасының иегері, туған тіліміз бен әдебиетіміздің ұлылылығы мен тереңдігін, қадірі мен қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіріп, талмай насихаттап жүрген қалалық классикалық гимназия қабырғасында көп жыл еңбек еткен ұлағатты ұстаз Қарақат Ысқақұлы Шалабаев пен гимназия директоры Муканова Күлтай Ахметқызы «Сафуантану» кабинетінің салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Қазақта «ауыздығымен құс қанатын тiстеген тұлпар», «төрт аяғын тең басқан жорға» деген ежелден келе жатқан әрi тауып айтылған сөз бар.
      
Жазушы Сафуан Шаймерденовтi әдебиет әлемiнде маңдайы жарқырап бәйгеден келген тұлпарға, жер апшысын қуырып, желдей жүйткiген жорғаға теңесек, әсте артық айтқандық болмас. өйткенi, ол әдебиеттiң барлық саласында тер төгiп еңбек еттi. Сафуан ағамыз жазушы ғана емес, Тәуелсiздiгiмiз үшiн жан алып, жан берiскен шайқаста теңдесi жоқ ерлiк көрсеткен табанды да қайсар қайраткер. Халқымыздың намысын жыртқан намысшыл, өршiл азамат. Ол бүкiл ғұмырын әдебиетiмiздiң өркендеуiне арнаған абзал аға. Жерлес жазушымыздың өмірі мен шығармашылығымен тереңдетіп танысу үшін гимназиямызда былтырғы жылдан бастап «Сафуантану» курсы енгізіліген болатын. Келген қонақтар мен гимназия мұғалімдеріне, оқушыларына жазушы жайлы біршама ақпаратты Ашимова Меруерт пен Жора Гүлзат таныстырып шықты.
           
                           Исимбаева Нұргүл, «Сафуантану»
                                                                  курсының жетекшісі


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь