Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі.

                                                                   
                
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Осы мерекеге орай 27 желтоқсан күні гимназия шаңырағында С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрдың актерлерімен бірлескен 1-7 сыныптарға арналған «Төрлет, Құтты Жаңа жыл!»атты жаңа жылдық кеш өтті. Кеш барысында оқушылар түрлі ертегі кейіпкерлерімен көңіл көтеріп, ойындар ойнады. Жасыл шыршаны дөңгелене билеп, өз өнерлерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардың сыйлықтарына ие болды. Жаңа жылдық кеш өте көңілді өтті.
                
Ал 29 желтоқсан күні гимназиямыздың 8-11 сынып оқушылары мен ұстаздарына арналған «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Әр сыныптан 1оқушы және мұғалім қатысты.
                
Аталмыш мерекелік кеште ақыл-ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ошағының білікті басшысы, К.А.Муканова барша оқытушылар мен оқушыларды Жаңа жылдарымен құттықтай келе, отбасыларына бақ-береке, ырыс-дәулет пен бейбіт өмір, лайым жаңа жылда жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілек білдірді.
                
Іс-шара соңы би кешіне ұласты.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь