10 қыркүйек күні біздің мектепте «ХХІ ғасырдың қазақстандық ата-аналары» Республикалық ата-аналар конференциясы өтті, тақырыбы: «Өз балаңа үлгі бол: бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету».
Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұқышев Қ.Т., мектеп директоры және бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. 8-9 сынып оқушылары «Шашу» хореографиялық нөмірімен конференцияны ашты. Мектеп директоры өз сөзінде 2016-2017 оқу жылындағы бірінші сынып оқушыларын оқыту ерекшеліктерімен таныстырып, ата-аналарды оқу жылының басымен құттықтады.
Мектептің педагог-психологтары О.А.Елманова мен А.Қ.Сүндетов конференция барысында бірінші сынып оқушылары және олардың ата-аналары жиі қақтығысатын бейімделу кезеңінің қиыншылықтарын қарастырып, ата-аналар стратегиясының маңызды үш компоненті, үш «Б» заңы: "бейімделу, бедел, белсенділік» туралы айта кетті.
Бейімделу –ата-ананың міндеті моральдық және эмоционалдық қолдау көрсету. Белсенділік –педагогпен тығыз байланыс орнату, кеңестерге құлақ асу, мектеп өміріне қатысу.
Бедел – ата-ананың беделін жаңа деңгейге көтеріп, нығайту және дамыту, мұғалімнің,мектептің беделін қалыптастыру.
Мектеп психологтары ата-аналарға кеңес пен ұсыныстар берді:
Сәтті бейімделу белгілеріне ерекше көңіл бөлінді:
- бірінші – баланың оқу үдерісімен қанағаттанушылығы. Ол мектепке өзін жақсы сезінеді, қорқыныш пен сенімзідік жоқ.
- екінші –бала бағдарламаны қаншалықты оңай орындай алады.
Мектеп табалдырығын 6 жасынан аттаған балалар, мидың белсенді дамуы кезеңінде қажетті білім алады: 5-6 жас аралығында балалар жаңа ақпаратты жақсы қабылдайды және жаңа дағдыларды тез игереді.
12-жылдық білім беру балаларымызға ауырлық туғызбай-ақ, мектеп бағдарламасына барлық қажетті пәндерді қамтуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, орта білім беру реформасы аясында мектепте пәндер үш тілде оқытылады (үштілдік).
Конференция барысында ата-аналарға ұсынылған барлық ақпаратпен қатар Отбасылық тәрбие Институт пен қаржылық Орталық дайындаған тақырыптық бейнероликтері ұсынылды.
Конференция соңында ата-аналарға тілек сөз айтылды: жақсы ата-ана болу дегеніміз - өзінің педагогикалық икем мен дағдыларын жетілдіру.
Берілген конференцияға қатысты ата-аналар тарапынан жақсы пікірлер айтылды. Олар конференцияның уақытында ұйымдастырылғанын белгіледі.
Конференция соңында ата-аналарға концерттік нөмірлер ұсынылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау