Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст


  

                                                              Жарияланған күні:2025 ж. 29.05

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурс

 

Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі ресми интернет-ресурста конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштерді қабылдау «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ хабарландыру жарияланған күннен басталады.

    Конкурсқа кем дегенде бір жыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында жұмыс тәжірибесі бар және келесілерді қамтамасыз ететін ұйымдар қатысуға жіберіледі:

1) № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуындағы бұзушылықтар (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылдың бұзылуы немесе қиындықтары (аутизм спектрінің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылулары бар балалар) санаттары бойынша орындар саны осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке сәйкес (әрі қарай  – Өтініш);

2) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелді) ( әрі қарай – Санитарлық ережелер);

3) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелді) (әрі қарай – Өрт қауіпсіздігі ережелері);

4) Төтенше жағдайлар туындаған кезде ескерту (дабыл түймесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дауыстық хабарлау жүйесінің болуы);

5) «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғау (бейнебақылау жүйесінің болуы);

 6) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған арнайы жағдайлар, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және № 385 бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

7) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелді);

8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

9) «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелді) және  «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес штат саны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелді);

10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар электрондық форматта (ptr@sqo.gov.kz электрондық пошта мекенжайы) немесе қағаз түрінде хабарландыру орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады.

1) өтініш;

2) ұйым басшысының қолымен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

5) құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі бар жылжымайтын мүлікке немесе жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.

Петропавл қаласының білім бөлімі құрған комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы алынған келесі құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады («электрондық үкімет»  www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы):

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және/ немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

2) медициналық қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;

3) ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

4) конкурсқа құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнмен мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

Өткізу уақыты 2025 жылғы 3 маусым сағат 15.00-де.

         Өтетін орны – «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ СҚО, ҚР  . Конституция Қазақстан көшесі,23, 301 каб.

         Анықтама үшін телефон: 8(7152) 46-32-59.

 


Әл-Фараби мұрасы – асыл қазына

Қазақ ұлтының екі данышпан-ғұламасы бар. Бірі - əл-Фараби, екіншісі Абай болса дер едім. Ұлы адамдар мың жылда бір келеді демекші, Фараби мен Абайдың өмір сүрген жылдарының арасы мың жылға дəл келеді. Олар шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Ұлы данышпан, əлем бойынша екінші ұстаз атанған əл-Фарабидің туғанына биыл 1150 жыл толып отыр. Жалпы оның өміріне тоқтала кетсек, Фарабидің толық аты-жөні — Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ əл-Фараби ат Түрки. Ат Түрки — шыққан тегі түркі дегенді, əл-Фараби — Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты — Мұхаммед, əкесінің де аты — Мұхаммед, атасының аты — Тархан, бабасы — Ұзлағ. Кейде оны жай ғана «Тархани» деп те атаған. Əл-Фараби түркі тайпасының дəулетті отбасында дүниеге келген, əкесі əскербасы болған. Бір нұсқада руы қаңлы-қыпшақ делінген. Əкесінің əскербасы болғанын «тархан» деген атаудан да байқауға болады. Біздің жерімізде мекендеген ежелгі түркі тайпалары «тархан» деп əскери лауазымды кісілерді айтатын болған. Яғни Фараби əскери ортадан шықты. Көптеген ғалымдар əл-Фарабиді қазақ дейді, ал кейбіреулерлі "жоқ, бұл қате, əл Фараби өзбек немесе тəжік" деп бірнеше пікірлер айтып жатады. Ұлы ғалым өмір сүрген кезде біздің халқымыз жеке ұлт ретінде тарих бетінде қалыптаспаған еді. Сондықтан ол түркі текті. Бұл туралы академик Б. Ғафуров "əл Фараби өмір сүрген жылдарында өзбек, қазақ, тəжік деген ұлттар болған жоқ. Бірақ, əл Фараби қазақ жерінде өмір сүрген түркі тайпасынан шыққан. Сол тайпа кейінірек қазақ халқының құрамына енді. Сондықтан əл Фарабиді қазақ халқының перзенті деуге негіз бар"дейді.
Бала Мұхаммед қала медреселерінің бірінде сауатын ашып, хат танып, өзінің балалық шағын - кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған Отырарда өткізген. Əл-Фарабидің ғылымға деген ынтасы осы кітапханада пайда болған. Себебі əл-Фараби Отырар кітапханасында Аристотель мен Платонның еңбектеріне қол жеткізіп, оны зерттеуге кіріскен. Араб тарихшысы ибн Халликан «əл-Фараби 70-ке жуық тіл білген» деп жазып қалдырған. Ғалымдардың бір тобы: «Бұл шындыққа жанаспайды» десе, біраз ғалымдар ибн Халликанның жазғандарын мақұлдап, қайталап та жүр. Яғни бала Мұхаммед өз кезіндегі ұлы ғұламалардың еңбектерін оқу үшін жастайынан тіл үйренуге ден қойып, саяхаттап жүргенде ұлы ғұламалардан бірнеше тілдер үйренген.
Əл-Фараби жастайынан Арыстың жағасында айналаға қарап, оны зерттеумен айналысқан.
Ол "өзендегі су қайда кетеді? Оны қайдан алады?" деген сұрақтарға жауап іздеген.
Əл-Фараби өзінің білімін əрі қарай жалғастыру үшін Дамаск, Алеппо, Бұхара, Каир жəне Бағдат шаһарларына жол тартады. Фараби Бағдат қаласының ғалымдармен танысып, ой бөлісіп, аз уақыттың ішінде беделді адамға айналады. Сол уақыттағы ғалымдар бір ғана ғылым салаларымен шектеліп қоймай, басқа да ғылым бағыттарын зерттеген. Фарабидің қамтыған ғылым мен өнері жоқ деуге болады. Ол жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, əдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мəлім. батыс Еуропада 13- 14 ғасырларда ең алғаш музыка теориясы қалыптаса бастады. Ал əл - Фараби оның барлығын оған дейін айтып кеткен. Жалпы алғанда əлемде қолданыста жүрген музыка теориясы оқулықтары əл Фараби жазып қалдырған еңбектерімен сай келеді, жəне де нота түсінігін қағаз бетіне түсірген ең алғаш əл-Фараби болған. Астроном жəне астролог ретінде де əл-Фарабидің беделі жоғары болды. Ол астрология мен астрономияның айырмашылығын бөлек жазып көрсеткен. Ұлы ғұлама дəрігер ретінде де белгілі. Осыған дəлел, Ол жорықтарда жүріп, қатты сырқаттанып қалған əкесін емдік қасиеті бар шөптермен емдеп, тік тұрғызған болатын. Аристотель əл-Фарабидің өмірінде үлкен рөл атқарды. Себебі ғылымға деген қызығушылығы грек ойшылы 4ғ өмір сүрген Аристотельдің еңбектері еді. Бірақ ешбір ғалым Аристотельдің еңбегін түсініп, əрі қарай зерттей алмаған. Ал əл-Фараби болса грек ойшылының еңбегін кем дегенде түсіну үшін екі жүз рет оқып, басқа ғалымдарға Аристотельдің жазғанының ойын анықтап, оны түсінікті етіп аударады. Кейін оны əлем "Екінші Ұстаз" атандырып кеткен. Қарап отырсақ, бұл үлкен дəреже. əл-Фарабидің өмірінің соңына дейін білім іздеп, зерттеп жүргенінің нəтижесі осыған əкелген болатын.
Айта кетсек, Əл-Фараби "Музыканың ұлы кітабы", " Ғылымның жүлгесі", "Білімді түсіндіру туралы", "Түс көру себептері туралы", "Платон жəне Аристотель философиясы" атты еңбектерін жазып қалдырған. жəне де əл-Фараби трактаттарында "Бақыт - өмірдің соңғы нысанасы. Тек дұрыс білім, ізгілік жəне сұлулық ғана адамды бақытты ете алады. Шын бақыттың не екенін дұрыс түсінбеген адам оған қалай қол жеткізуді де білмейді, басқа жолға түсіп адасады" деп жазып кеткен. Ұлы дананың бұл сөзі əлі күнге дейін өзекті. Келтірілген еңбектер санының өзі Фарабиден бізге көп мұра қалғанын байқатады. Мың жылдан асса да осынша рухани мол дүниесінің қолдан қолға өтіп бізге аман жетуі Фарабидің ұлылығының, данышпан білімпаздығының тағы бір айғағы болса керек. Енді мен секілді оқушы жастардың міндеті Әл-Фараби шығармаларын зерттеу, зерделеу, кәдемізге жарату және ел ішінде насихаттау болып отыр. Осыған орай əл-Фарабидің 1150 жылдығына «əл-Фараби» мектеп-лицейінің оқушылары үгіт-насихат тобын құрып, мектепалды даярлық сыныбынан бастап, мектеп түлектеріне дейін Əбу Насыр əл-Фарабидің еңбектері мен өмір жолын толық насихаттаудамыз. Оқушыларға Фарабидің білімге деген ерекше құштарлығын, адам жанын зерттеу бойынша пікірлерін әсіресе адам бақытты болу үшін нені істеуге үйренуі туралы ой-түйіндерін жеткізуге тырыстық. Үгіт-насихат тобының мүшелері - Сарсенова Айкерім, Есентаева Айдана, Тулешева Томирис, Симомбаев Алишер, Қайырбек Мағжан, Мустафин Алдияр, Жоламанов Данияр өткізген Әл-Фарабитану сабақтарына барлығы 385 оқушы қатысты. Өзгелерді үйрете отырып, өзіміз де ғалымның көптеген құнды тұжырымдарымен, еңбектерімен танысып, зердемізден өткіздік, танымдық деңгейіміз жетілді дер едім. Ә-Фараби туралы деректі, танымдық фильмдерді көрдік, өлеңдері мен даналық сөздерін және шетел ғалымдарының Әл-Фарабиге берген бағалы пікірлерін оқыдық. «Білімді болу дегеніміз – белгісіз нәрсені ашу» деп Әл-Фараби айтқандай, өзіміз үшін көпшілікке таныс емес ақпаратпен таныстық.

Сарсенова Айкерім
«әл-Фараби» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы


 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь