Меню KDT

 


 

  Актуально  



       
Онлайн-школа
     


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

 ВЫБОР 

Список пуст

Новости

"Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар" бағдарламасын Алқалы қоғамдық тыңдалымда қарастыру туралы

 


 

06.11.2017 күні Қазақ мектеп-гимназиясында өткен алқалы қоғамдық тыңдалымда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар" атты мақаласы талқыланды, XXІ ғасырдағы ұлттық сананың негізгі 6 бағыты қарастырылды. Қазақ тілінде "Рухани жаңғыру -болашаққа бағдар" атты 12 минуттық бейнеролигі көрсетілді. Елбасының жолдауындағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабілеттіліктің" 5 басты басымдылығы туралы айтылды. Соған қоса "Туған жер бағдарламасы" "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы бойынша мектебімізде «Жақсы кітап-жан азығы» кітапханалық сабақ, «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты сынып жетекшілер отырысында баяндама, «Елімнің шежірелі байлығы» тәрбие сағаттары, Латын әліпбиінің ағылшын тілімен ұқсастығы мен айырмашылығы атты дөңгелек үстел өткізілді.«Саналы азамат» бағыты бойынша мертебіміздің мәртебесін биіктен көрсеткен Балғабай Мұхаммадин Иордания, Амман қаласында өткен «ЮСИМАС» ментальды арифметикадан ІX ұлттық жарыс жеңімпазы аттанды. 5-6 сынып оқушылары күзгі демалыс уақытында туған жер бағдарламасы бойынша өлкетану мұражаы мен Абылайхан резиденциясына саяхатқа барып туған қаласы мен өңірінің тарихын тамашалады.

                              Директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                    А. Нұртаева









 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь