Меню KDT

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338

Хабарландырулар

Итоги аттестации 2024

Петропавл қаласының білім беру ұйымдарында

қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (01.03.2023 ж. № 56 өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің (бұдан әрі – қағидалар) 8-тармағын орындау үшін мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны білім беру ұйымдарына сайлау тәртібі» қағидаларының 2-бабының 10-тармағына сәйкес

Мектепке дейінгі ұйымдардағы қамқоршылық кеңестің құрамына:

1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.

Орта білім беру ұйымдарының, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің құрамына:

1)осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.

7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.

Балаларға арналған мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің құрамына:

1) мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері-кемінде 3 адам;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.

7)оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.

9-тармаққа сәйкес кандидаттар қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Кандидаттар кәсіби (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтер береді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 19-29 шілдесі аралығында.

Білім беру ұйымдарының тізімі қоса беріледі.

Анықтама телефоны:

465077 (орта және қосымша білім)

366419 (мектепке дейінгі білім беру)

2023 жылғы 10 наурыз

 

Сараптамалық кеңестің құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

«Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 ( мемлекеттік органның атауы) 

 Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес сараптама кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

Сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу мақсатында қалыптастырылады.

Сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін кандидатуралар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылады.

Сараптама кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

Анықтама телефоны:  8(715)2463259.

 

10 марта  2023 год

 

Объявление о формировании состава экспертного совета

КГУ «Отдел образования города Петропавловска»

КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»

(наименование гос.органа)

согласно Правил  формирования, мониторинга реализации и оценки результатов государственного социального заказа,  утвержденных  Приказом Министра общественного развития Республики Казахстан от 15 августа 2018 года № 18, объявляет о наборе кандидатов в члены экспертного совета.

Состав экспертного совета формируется  в целях проведения  оценки результатов проектов реализующихся в рамках государственного социального заказа.

Кандидатуры для включения в состав экспертного совета выдвигаются путем самовыдвижения после опубликования данного объявления в течении 10 календарных дней.

Члены экспертного совета осуществляют свою деятельность на общественных началах.

Телефон для справок: 8(715)2463259.