«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ басшысының бұйрығымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ
басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына қабылданды.
Рақышева Динара Болатқызы 1972 жылы 01 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Шал-ақын ауданы Ақан-Барақ ауылында дүниеге келген.
К. Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын 1994 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Солтүстік Қазақстан Университетінің Жоғары техникалық колледжінің тілдер кафедрасында аға лаборант болып бастады.
1994 жылдан 1997 жылға дейін СҚО Сергеевка ауданы Жаңасу орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1997 жылдан 2000 жылға дейін СҚО Қызылжар ауданы Архангельск қосалқы мектеп-интернатының тарих және туған жер мұғалімі болып қабылданды.
2000 жылдан 2002 жылға дейін СҚО Қызылжар ауданының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ПДТ-мен балаларға арналған Архангельск түзету мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып ауыстырылды.
2002 жылдан 2007 жылға дейін СҚО Петропавл қаласының «әл-Фараби» мектеп-лицейі» ММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2011 жылға дейін СҚО «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат» ММ директорының ғылым жөніндегі орынбасары және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
2011 жылдан 2018 жылға дейін СҚО «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейін СҚО Петропавл қ. «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебі» КММ директоры қызметін атқарды.
E-mail: ptr@sqo.gov.kz
2021 жылғы 01 қарашаға Петропавл қаласы білім беру жүйесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Білім
Көрсеткіштер атауы |
Өлшем бірлігі |
қараша |
Өсім қарқыны, % |
|
2020 ж |
2021 ж |
|||
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының саны |
бірлік |
55 |
52 |
94,5 |
Олардағы орын саны |
бірлік |
8725 |
8592 |
98,5 |
Балалар контингенті |
бірлік |
8383 |
7848 |
93,6 |
Мемлекеттік балабақшалар |
бірлік |
28 |
28 |
100,0 |
Олардағы орын саны |
бірлік |
5317 |
5361 |
100,8 |
Балалар контингенті |
бірлік |
5319 |
5084 |
95,6 |
Жеке меншік балабақшалар |
бірлік |
10 |
12 |
120,0 |
Олардағы орын саны |
бірлік |
2025 |
2265 |
111,8 |
Балалар контингенті |
бірлік |
1840 |
1991 |
108,2 |
- коммерциялық топтарда |
бірлік |
264 |
205 |
77,6 |
- бюджеттік топтарда |
бірлік |
1576 |
1786 |
113,3 |
Мектептер жанындағы шағын орталықтар |
бірлік |
10 |
8 |
80,0 |
Олардағы орын саны |
бірлік |
619 |
580 |
93,7 |
Балалар контингенті |
бірлік |
515
|
422
|
81,9 |
Мектеп-балабақша |
бірлік |
1 |
1 |
100,0 |
Олардағы орын саны |
бірлік |
146 |
146 |
100,0 |
Балалар контингенті |
бірлік |
124 |
123 |
99,1 |
Жеке меншік шағын орталықтар |
бірлік |
6 |
3 |
50,0 |
Олардағы орын саны |
бірлік |
618 |
240 |
38,8 |
Балалар контингенті |
бірлік |
585 |
228 |
38,9 |
Оның ішінде бюджеттік топта |
бірлік |
585 |
228 |
38,9 |
Мектепке дейінгі біліммен балаларды қамту (1-6 жас) |
% |
56,3 |
66,0 |
Х |
Мектепке дейінгі біліммен балаларды қамту (3-6 жас) |
% |
100 |
100 |
Х |
балабақшаға кезек |
адам |
5534 |
3996 |
72,2 |
орта жалпы білім беретін ұйымдар саны |
бірлік |
36 |
37 |
102,7 |
Оқушылар саны |
адам |
25564 |
26267 |
102,7 |
ҰБТ орташа балы |
- |
- |
- |
- |
Бөлінді: |
- |
416770,7 |
332852 |
79,8 |
МТБ нығайтуға |
мың теңге |
134604,1
|
209155,7 |
155,3 |
Күрделі жөндеу |
мың теңге |
282166,6
|
123696,3
|
43,8 |
Қазіргі уақытта қалада 93 білім беру ұйымы жұмыс істейді: 52 мектепке дейінгі ұйым, 37 мектеп, 2 қосымша білім беру мекемесі, 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. Жаңа оқу жылында оқушылар контингенті 27532 оқушы, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері – 1271 бала.
БЮДЖЕТ
Ағымдағы жылдың 1 қарашасына білім беру саласындағы бюджет 2020 жылға қарай 13,4% - ға (16,0 млрд. теңге) ұлғаюмен 18,2 млрд.теңгені құрады. Ұлғаю негізінен республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен мемлекеттік білім беру ұйымдарының 3397 педагогінің еңбекақысын 50% - ға арттыру және педагогикалық шеберлігі үшін 1166 педагогке 4,8 млрд.теңге сомасында қосымша ақы төлеуге байланысты.
Еңбекақысы 50%-ға артты: 3397 педагог (мектептер – 2275 адам, балабақшалар – 866 адам, қосымша білім беру – 215 адам, әдістемелік кабинет – 24 адам, түзету кабинеттері – 17 адам); магистр дәрежесі үшін 143 педагогке 10 АЕК мөлшерінде; тәлімгерлік қызметі үшін 71 педагогке ынталандырушы қосымша ақылар белгіленді;
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді (ҚКГ – 50,6 млн.т., №5 ОМ – 26,3 млн.т.), 3 автомашина сатып алынды (№4 ОМ – 12,7 млн. т., №12 ОМ – 12,2 млн. т., № 25 ОМ – 4,9 млн.т.). Жан басына қаржыландыру аясында 6 мектепте (№2 ОМ -5,0 млн.т., № 5 ОМ-7,3 млн.т., № 7 ОМ - 14,0 млн. т., № 10 ОМ – 14,7 млн. т., № 17 ОМ – 12,6 млн. т., «БЭСТ» гимназиясы – 2,1 млн. т.) күрделі жөндеу жүргізуге шарттар жасалды. Бүгінгі күні қаланың 5 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Бірінші гимназияның қоршауы мен кіреберісіне ағымдағы жөндеу жүргізілді (18,2 млн.теңге) және Уәлиханов-Чкалов көшесі бойындағы 900 орындық жаңа мектепке технологиялық жабдық пен робототехника және леготехника кабинеті сатып алынды (20,8 млн. теңге). Жан басына қаржыландыру аясында қаланың 20 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (101,1 млн. теңге)
Жан басына қаржыландыру аясында қаланың 20 мектебі мектеп кітапханаларын жаңартты. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, жиһаз, құрал - жабдықтар жаңартылды, оған 68912,7 мың теңге жұмсалды.
МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қала мектептері материалдық базаны нығайтуға 192319,9 мың теңге сомасында шығындар қарастырған, оның ішінде:
- компьютерлер (100 бірлік), ноутбуктер (29 бірлік) және компьютерлік жабдықтар (160 бірлік) сатып алуға - 52960,8 мың теңге;
- спорттық жабдық (7 мектеп) - 5200,2 мың теңге,
- мектеп жиһазы – (6 мектеп) - 14776,0 мың теңге;
- модульдік химия кабинеттері (№21, 44 ОМ), Физика (№25 ОМ), робототехника (№5, 6, 25 ОМ, Бірінші лицей, Әл-Фараби), лингафондық-мультимедиялық кабинеттер (№23 ОМ, ҚМГ), математика (№27 ОМ) – 57630,3 мың теңге;
- мультимедиялық жабдықтар (51 бірлік - 17 мектеп) және интерактивті тақталар (27 бірлік - 7 мектеп) - 56104,7 мың теңге;
- музыкалық жабдықтарды сатып алуға (7 мектеп) – 5647,9 мың теңге.
Білім беру ұйымдары кезекші сыныптарды ұйымдастыру жағдайында дезинфекция, санитариялық қауіпсіздік құралдарымен (тепловизорлар, санитайзерлер, антисептиктер, маскалар, дезинфекциялау кілемшелері) жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.
Алдағы 2021-2022 оқу жылында қаланың 37 мектебінде оқу процесі офлайн режимде жоспарланып отыр.
ОҚУЛЫҚТАР
2021-2022 оқу жылына 240027,9 мың теңгеге 155070 дана оқулық мен ОӘК, оның ішінде 9908,9 мың теңгеге 3633 дана көркем әдебиет сатып алынды.
Оқулықтарды тасымалдауға 4738,7 мың теңге жұмсалды, Мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемделген 596,3 мың теңгені көркем әдебиетті сатып алуға жұмсау жоспарлануда.
Сонымен қатар, электрондық оқулықтардың веб-порталына қол жеткізуге 1041,6 мың теңге қарастырылған.
ЖАЛПЫ ОҚЫТУ ҚОРЫ
2021 жылға жалпы оқыту қоры бойынша 84,7 мың теңге көзделген, өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ға немесе 6,2 мың теңгеге (89,7 млн теңге) азайтылды.
01 қарашадағы жағдай бойынша 55480,2 мың теңге сомасында қаражат игерілді, оның ішінде тамақтануға – 34772,5 мың теңге, жолдамаларға – 15000 мың теңге, киім - кешек пен мектеп керек-жарақтарына - 5707,7 мың теңге.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
Мектепке дейінгі ұйымдар – 52, оның ішінде
жеке меншік – 15;
мемлекеттік – 28, оның ішінде
ОМ жанындағы толық күн болатын шағын орталықтар - 8;
мектеп-балабақша кешені - 1;
Оқыту тілі бойынша мектепке дейінгі ұйымдар:
мемлекеттік тілде-4
орыс тілінде – 30
аралас тілде – 18
Балабақшалар |
Шағын орталықтар |
Мектеп-балабақша |
ЖИЫНЫ |
||
Мемлекеттік |
Жеке меншік |
Мемлекеттік |
Жеке меншік |
||
28 (5084) |
12 (1991) |
8 (422) |
4 (228) |
1 (123) |
52 (7848) |
40 (7075) |
11 (650) |
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің барлығы-7848 бала,
оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша - 2219 бала) оның
ішінде:
балабақшаларда - 7075 бала,
шағын орталықтарда - 650 бала,
мектеп-балабақша – 123 бала.
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту:
1 жастан 6 жасқа дейін – 66,0%;
3 жастан 6 жасқа дейін - 100%.
Түзету топтары бар мектепке дейінгі ұйымдар - 6,
онда топтар - 13, орындар – 152, балалар - 146:
- Сөйлеу қабілеті бұзылған 36 балаға арналған «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК,
- Көру қабілеті бұзылған 24 балаға арналған «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК,
- эмоционалды-ерік бұзушылықтары және ПДК бар 19 балаға арналған «Батыр» бөбекжай-бақшасы» МКҚК,
- 2 логопедиялық топ 24 орынға "Ивушка" балабақшасы" МКҚК,
– Эмоционалды-ерік бұзушылықтары бар 10 балаға және сөйлеу қабілеті бұзылған 18 балаға арналған 2 топ "Ақ қайың "бөбекжайы" МКҚК,
- эмоционалды-ерік бұзушылықтыры бар 15 балаға арналған "СКО САД "Знайка" бөбекжай-бақшасы" ЖШС,
- "Чайка" бөбекжайы/бақшасында 170 балаға арналған 6 санаторлық топ, 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық құрам бойынша ақпарат
Барлық педагогтар |
жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) бітірген педагогтар) |
жғары білімі бар |
оның ішінде жоғары мектепке дейінгі білім бар |
Орта арнайы білімі бар |
Оның ішінде орта-арв том числе средне-найы мектепке дейінгі ібілім бар |
Жоғары санатты |
бірінші санатты |
Екінші санатты |
санатсыз |
1062 |
17 |
622 |
117 |
423 |
250 |
125 |
134 |
250 |
370 |
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ ПЕДАГОГ КАДРЛАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
2021-2022 оқу жылының басында қала мектептерінде 2404 педагог жұмыс істейді (2020-2021 оқу жылының басында - 2294).
Жоғары білімді педагог қызметкерлер – 2193 (91,2%, 2020-2021 оқу жылының басында - 91,6%), арнайы орта білімі бар педагог қызметкерлер - 211 (8,8%, 2020-2021 оқу жылының басында - 8,4%).
Педагог-шебер – 18, педагог-зерттеуші – 537, жоғары санатты – 183, педагог-сарапшы – 431, бірінші санатты – 143, педагог-модератор – 447, екінші санатты – 149, санаты жоқ 496 педагог.
Педагог қызметкерлердің жалпы санынан жоғары кәсіби педагогтердің үлесі 54,57%-ды құрайды (1312 педагог), 2020-2021 оқу жылының басында-56,8%.
Педагогикалық шеберлік санаты бар педагогтер саны - 1433, бұл 59,60% құрайды.
Қаланың жалпы білім беретін мектептеріне 90 жас маман, 2021 жылғы ЖОО мен ОАОО түлектері келді. Оның ішінде жоғары білімді - 65, арнайы орта білімді - 25 (2020-2021 оқу жылының басында-70, оның ішінде жоғары білімді - 41, арнайы орта білімді - 29).
Құрметті ата-аналар!
Жазғы демалыс кезінде жедел қызметтердің мәліметтері бойынша балалардың қаза болуы мен жарақаттануы көбінесе өрттердің пайда болуы, жол жүру ережелерін бұзу, өзендер мен көлдерде шомылу кезінде орын алады. Табиғи апаттар, улы заттар, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас және т. б. жағдайлар қауіп төндіреді.
Негізгі міндет - жазғы демалыс уақытында балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Балаларды өмірлік жағдайларда қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
- баламен сөйлесе отырып, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
- балаларға тұрмыста, көше мен жолдарда дұрыс жүріп-тұруын жеке үлгі ретінде көрсетіңіз;
- мектепке дейінгі ұйыммен байланыста болыңыз: топ тәрбиешілерінің, әдіскердің, мектепке дейінгі ұйым басшысының байланыс телефондарын жазып алыңыз;
- баланың күні бойы тұрақты орнын білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат бойы ата-аналардың бақылауында, қамқорлығында және назарында болуы тиіс;
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақытты өткізуін қадағалаңыз;
- балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
- өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электр қыздырғыштардың және басқа электр жабдықтарының, пешпен жылытудың жарамдылығы мен пайдаланылуын қадағалаңыз;
- жолдың жүру бөлігінің өтуіне назар аудара отырып, межелі пунктке дейін неғұрлым қауіпсіз маршрутты таңдаңыз;
- балаларға жолда жүру ережелерін, жолда және қоғамдық көлікте абай болуға үйретіңіз;
- криминогендік жағдайды болдырмау үшін балаға құнды заттарды (ұялы телефон, қомақты ақша, зергерлік бұйымдар және т. б.) және басқа балаларға сый ретінде тамақ өнімдерін бермеңіз;
- балалардың қалталарын, сөмкелерін тексеріңіз, балалардың киімінде түйреуіштер, танамоншақтар болмауы керек;
- балалармен ойын немесе спорт алаңында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз;
- мектеп жасына дейінгі балалар мекен-жайын, телефонын, ата-анасының аты-жөнін білуі керек;
- төтенше жағдайлар кезінде 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел жәрдем, 104 – газ қызметіне хабарласыңыздар.
Уважаемые родители!
В период летних каникул по данным оперативных служб чаще всего гибель и травматизм детей происходят в результате возникновения пожаров, нарушения правил дорожного движения, во время купания в реках и озёрах. Опасность представляют стихийные бедствия, отравляющие вещества, общение с незнакомыми людьми и т.д.
Обеспечить комплексную безопасность детей в летний период — основная задача.
Необходимо обучать детей навыкам безопасности в жизненных ситуациях:
— беседуйте с ребенком, объясняйте правила, соблюдение которых поможет сохранить жизнь;
— подавайте детям личный пример правильного поведения в быту, на улицах и дорогах;
— поддерживайте связь с дошкольной организацией: запишите контактные телефоны воспитателей группы, методиста, руководителя дошкольной организации;
— необходимо знать местонахождение ребёнка в течение дня: ребенок должен находиться под контролем, заботой и вниманием родителей 24 часа в сутки;
— не оставляйте детей без присмотра взрослых, контролируйте времяпровождение детей;
— не разрешайте ребенку разговаривать с незнакомыми людьми;
— соблюдайте требования пожарной безопасности, следите за исправностью и эксплуатацией бытовых приборов, в том числе электронагревательных, другого электрооборудования, печного отопления;
— выбирайте наиболее безопасный маршрут до пункта назначения, обращая внимание на переход проезжей части дороги;
— обучайте детей правилам дорожного движения, научите их быть внимательными на дороге и в общественном транспорте;
— не давайте ребёнку ценные вещи (сотовый телефон, крупные деньги, ювелирные украшения и др.) в во избежание криминогенной ситуации и продукты питания для угощения других детей;
— проверяйте карманы, рюкзаки детей, в одежде детей не должны быть булавки, броши;
— соблюдайте требования безопасности, находясь с детьми на игровой или спортивной площадке;
— дети старшего дошкольного возраста должны знать домашний адрес, телефон, ФИО родителей;
— при экстренных ситуациях звоните: 101 – противопожарная служба, 102 – полиция, 103 – скорая помощь, 104 – газовая служба.