Меню KDT

введите текст

введите текст

книга   Өзекті
линия


         Онлайн-мектеп
  


загрузите изображение

block2_eop.jpeg?_=1592821338
<

введите текст

Список пуст

Жаңалықтар

Қалалық «Алтын сақа» математикалық турнирі

С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия қабырғасында 5-ақпан күні 2-4 сынып оқушылары үшін алғаш рет қалалық «Алтын сақа»  математикалық турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты – математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш сынып оқушыларын дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Бұл сайыс командалық және жекелей құрамда ауызша-жазбаша түрде өткізілді. Аталған турнирге қаламыздың оқыту қазақ тілді  мектептерінен  5 команда қатысты.  Әр команда құрамы  2-4 сынып оқушыларынан құрылған. 
Сайыс 3 кезеңнен тұрады. «Бәйге» кезеңінде оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындаса, «Алтын сақа»  кезеңінде әділқазы алқасының алдында өз есептерінің  шешімдерін дәлелдей білді. «Математикалық шайқас» деп аталатын соңғы кезеңінде әр оқушы жеке білімін сынап, өз тобына ұпай қосуға тырысты.
Турнирге қатысқан оқушылар өз білімдерімен, математикалық логикалық есептерді шығаруда ерекше қызығушылық таныта білді.
Турнирдің қорытындысы бойынша  «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің»  командасы Амантай Айша (2-сынып), Ғалымжан Диана(3-сынып), Молдахмет Дарын (4-сынып) жеңімпаз атанды. «әл-Фараби» мектеп-лицейінің командасы Қабдрахман Ерхан(2-сынып), Мажитова Айсұлу(3-сынып), Маратұлы Асылхан (4-сынып)  ІІ орынды иеленсе, қазақ мектеп гимназиясының командасы Сабдинова Дариға (2-сынып), Сәкен Темірлан(3-сынып), Ақыл Нұрбақыт(4-сынып)   ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
Турнирге қатысқан барлық оқушылар қалалық білім бөлімінің сертификаттары берілді. Ал жүлдегерлер  арнайы дипломдармен марапатталса, жеңімпаз команда арнайы ауыспалы турнир кубогына ие болды. 











Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь